Оқырмандарымызды қорға түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында 2022 жылдың 12-15 желтоқсан аралығында «Электрондық ресурстар» залында Ақпарат күндері өтті. Жаңа кітаптар көрмесіндегі басылымдар оқырманды бей-жай қалдырмады. Атап айтқанда Қ.Ғабдуллинаның «Қазақ әйелдері және социум», Т.Исахметовтың «Халықаралык аудит», Ю.Клейберг пен Е.Ракимбаевтың «Юридическая ювенология», С.Матвеевтың «Английский с нуля» атты кітаптары ерекше қызығушылық тудырды. Кітаптарда берілген ақпараттың өзектілігімен қатар кітаптың жоғары сапада безендірілуі оқырмандардың назарын аударды. Осындай кітаптардың бірі белгілі ғалым Т.З.Қайыркеннің «Қытай тарихнамасындағы қазақ тарихы» еңбегі болды. Профессор Серік Негимов бұл еңбекті жоғары бағалап, кітаптың маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтқан әңгімесі барлық келушілердің – студенттердің, оқытушылардың және кітапхана қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Көрмеде оқу бағдарламасындағы барлық ғылым салаларын қамтитын оқулықтар мен ғылыми басылымдар да болды.