27 қаңтарда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасында Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын және белгілі тележүргізуші Мұнайдар Балмолдамен «Махаббат бер маған, тағдыр» атты кездесу кеші өтті. Ақынның «Абадан», «Көкбөрі», «Жалқара» атты еңбектері қасқырларға деген қызығушылығынан туған. Мұнайдар Балмолданың «Қыран қанатындағы күй»,» Ақ тұлпар», «Анамның жаққан ошағы» және басқа да көптеген тамаша туындылары оқырмандардың көңілінен шығып жатыр. Жазушы тек прозалық шығармаларымен қатар, өлеңдерінің ішінен әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеновтың репертуарына енген «Махаббат бер маған, тағдыр» әні. Көптеген тыңдаушылардың жүрегін жаулаған бұл әнді іс-шара барысында журналистика факультетінің студенті Айкен Серкебаева орындады. Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Мендіғали Аружан «Әлкисса», «Науай» күйлерін , кітапхана қызметкері Ділдахан Майра, композитор Кентау Назарбек және Қадыр Мырза Әлі атындағы Бином лицей-мектебінің оқушысы Темірбек Тархан ақынның көркем шығармаларын орындап, әндерін шырқады. Кеш қонақтары өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Сүлейменов Сайлау және профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Алаш тарихын зерттеуші Сүлейменова Дәметкен, композитор Кентау Назарбек , ақынның шығармашылығы туралы әңгімелеген жақын достары мен серіктері болды.