Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтедi. Мақсаты — кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Бұл халықаралық мерекенің бастамасы АҚШ-тың «балалар кітабы» сайтының негізін қалаушы, үш баланың анасы Эмми Бродмур. Бірде анасынан ұлдары «адамдар бір-біріне кітап беретін күн неге жоқ» деген сұрағы осы мерекенің пайда болуына түрткі болды. Эмми Бродмур өзінің байланыс арналары арқылы таныс блогерлерге, әлеуметтік желі қолданушыларына, әріптестеріне және сайт серіктестерімен хабарласып, 14 ақпан күні кітап сыйлаумен бастады.
Бұл күні, ең алдымен балаларға, сондай-ақ белгілі-бір себептермен кітап оқуға мүмкіндігі шектеулі адамдарға кітап беру әдетке айнала бастады. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітап рухани құндылық ретінде бағалана бастады. Бүгінгі таңда мерекеге қатысуға кітап сауда желілері, кітап өнімдерін сататын сайттар, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары ықпал етуде.
Осы мерекеге орай ғылыми кітапханада «Шын жүректен кітап сыйла» атты іс-шара өтті. Кітапхана директоры Бақытжан Оразалиев өз сөзінде бүгінгі таңда кітап пен мерекені насихаттаудың идеялық шабыттандырушылары өз мақсаттарына қол жеткізгенін айтты. Іс-шараға қатысқан қонақтар әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, «Авангард» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі жазушы Дина Ораз, журналист Лидия Тришечкина, қазақстандық ақын Юлия Набатова, балалар жазушысы Татьяна Никитина, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан Төлендиев, «Фолиант» кітап баспасының өкілдері, жастар департаментінің бас маманы Толғанай Насихатқызы, журналистика және саясаттану факультетінің түлегі Рамазан Есмағамбетов, сондай-ақ кітапхана қызметкерлері мен бірнеше факультеттің студенттері.
Ғылыми кітапхананың бастамасын қолдай отырып студенттер бір-біріне сүйікті кітаптарын сыйлады.
Кітапханаға сыйға тартылған кітаптардың үлкен коллекцияларын «Фолиант», «Лантар Трейд» баспалары мен университеттің ғалымы Серік Негимов сыйға тартты. Мерекеге қатысқан авторлар өз өлеңдерін оқып, кітаптарды сыйға тартты. Ақындардың шығармашылығынан шабыттанған қатысушы студенттер сүйікті авторларының өлеңдерін оқып, домбырада күй орындады. Кiтап — жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайык!