Университетте өткен «Мырзатай Серғалиев және филология мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында ғылыми кітапхана қорынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті тіл маманы, әдебиет сыншысы, публицист Мырзатай Серғалиевтің шығармашылығы мен өнегелі өмір жолына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл білімі саласынан «Синтаксистік синонимдері» , «Қазақ әдеби тілі стилистикасының мәселелері», «Қазақша-орысша сөздік», «Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы», «Қазіргі қазақ әдеби тілі», «Стилистика негіздері», «Синтаксис мәселелері», «Тіл саясаты: тағлым мен тәжірибе» сияқты оқулықтары мен монографиялары, әдебиеттану саласынан «Сөз сарасы», «Көркем әдебиет тілі», «Өнеге», сондай-ақ баспа сөз беттерінде жарияланған «Синтаксистік зерттеулер», «Қазақ тілінің мәдениеті» және «Тілім менің – тінім менің» мақалалар мен баяндамалар жинағы және дәйек сөздермен безендіріліген көрмені конференцияға жиналған көпшілік қауым тамашалады.