18 сәуірде Кітап апталығы аясында «Жастықтын жалынды жырлары» атты әдеби-музыкалық поэзия кеші өтті. Бұл шараның мақсаты — оқырмандарды ұлттық поэзияның үздік бейнелерімен, оның дарынды өкілдерімен таныстыру. Кеште «Топжарған» жас ақындар клубында өз шеберліктерін шыңдап жүрген жастардың қаламынан шыққан өлең-жырлар оқылды.
Құрметті қонақ ретінде кафедра меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазымен қатар, профессор Рақымжан Тұрысбек, Қайырбек Кемеңгер, Жанбота Қаріпбай және басқа да университетіміздің ғалымдары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды, өз өлеңдерін оқыды.
«Топжарған» жас ғалымдар клубының атқарып жатқан жұмысына, халық поэзиясын дамытуға қосып жатқан үлесіне ризашылықтарын білдіріп, клубтың жастарына әдеби шығармашылықта танылып, болашақта ұлттық поэзия дәстүрлерін абыроймен жалғастырады деген сенімдерін білдірді.