Ғылыми кітапханада «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күні мерекесіне орай өткен кітап апталығының қорытындысы әріптесіміз Жуашбаева Гүлһаяның әсем әнімен басталды. Шараны кітапхананың директоры Оразалиев Бақытжан Әсетілдаұлы апталық аясында өткен көптеген кездесулер, тұсаукесер мен әдеби поэзиялық кештер мен студенттер арасында ұйымдастырылған «Этнодизайн — ұлттық өнердің жалғасы» көрме-байқауын және «Студенттік өмірімнің сәттері» атты фотобайқаудың қорытындысын жариялап, кітапханамыздың жанашыры, мен көп оқылған кітаптардың авторларын, үздік оқырмандарды осы мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Шара барысында қонағымыз, белгілі қоғам қайраткері Смағұл Бақытбек «Үздік кітапханашы» номинациясы бойынша кітапхана қызметкерлері Аружан Маратқызы, Анастасия Моок және Талшын Шакенова үздік деп танылып, оларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. «Кітапхана жанашыры» номинациясы бойынша ғалымдарымыз Жанна Нурманова, Кабира Бегімбай, Мадина Тусупбекова, Айгүл Дюсенгалиевалар марапатталса, өздерінің авторлығымен шыққан кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартқан ғалымдарымыз Серік Негимов, Амантай Шәріп, Нұрлан Байғабылов, Рауан Кемербай, Жанат Мукатаева, Мейірхан Әбішев «Құнды тарту» номинациясы бойынша «Алғыс хаттармен» марапатталды. «Ең көп оқылған кітап» номинациясы бойынша Т.З. Қайыркеннің «Қазақтың жалпы тарихы», Н.О. Молдашевтың «Экономикалық теория» оқулығы, С.Қ.Қожаеваның «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», А.К.Байдабековтің «Инженерлік графика» оқулығы, «Макроэкономика» оқулығының авторлары А.Б.Майдырова, А.Н.Доғалов, Н.С.Досмағанбетов, «Спорттағы қарым-қатынас психологиясы» оқу құралының авторы К.К Базарбаевалар марапатталды. Тұрсынхан Закенұлы өзінің «Күлтегін ескерткіші» кітабын кітапханамызға сыйға тартты. «Ең үздік оқырман» номинациясы бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор Д. Әбділәшім, филология ғылымдарының кандидаты, Б.С. Қорғанбеков және студенттеріміз Ықсан Алмат, Жолдыбай Алтай, Тұрғанбай Айтолқын, Ақбер Қуаныш, Белдеуханқызы Ақбота, Қуатбек Аймарал, Нэргүй Серикбай, Қалаубай Жоламан және басқа да білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды. Кітап апталығы қарсаңында «Студенттік өмірімнің сәттері» атты фотобайқауда жеңімпаз атанған Журналистика және саясаттану факультетінің студенті Естай Мұхамеджан, Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Калижан Алихан «Алғыс хатпен» марапаттталып, сыйлықтар берілді. Сәулет-құрылыс факультетінің Дизайн және инженерлік графика кафедрасының доценті К.М.Бегімбайдың жетекшілігімен «Этнодизайн – ұлттық өнер» тақырыбында қолөнер еңбектерін жасаған барлық студенттер дипломдармен марапатталды.
«Кітапханашыдан кітапханаға құнды тарту» акциясы аясында Халықаралық «Eurasian Book Fair-2023» кітап-жәрмеңкесінен кітаптар сатып алып, кітапханамыздың қорын толықтыруға және көркем-әдеби шығармалардың мазмұнын жаңартуға ат салысқан кітапханашыларға да үлкен алғыс білдірді.
Шараға келген қонақтар кітапханаға деген тілектерін білдіріп сөз сөйлеп, естелік суретке түсті.