Ғылыми кітапханада 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына «Ер есімі – ел есінде» атты әдеби-кеш өтті.
Кештің мақсаты – ел үшін жан беріп, жан алысқан, жастайынан жетімдіктің шекпенін жамылып, қиян-кескі ұрыстарға толы ғұмыр кешкен, «Ардагер Амангелді – ердің ері!» деген шынайы бағасын алған батырдың өмірі мен ерлік істерін, ұрпақтарын, оған арналып жазылған өлең-жырлар мен ғалымдардың зерттеулерін таныстыру болатын.
Іс-шара кітапхана директоры Бақытжан Әсетілдаұлы сөзімен ашылып, кеш қонақтары Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының профессорлары: Дәркенов Құрманғали, Қайыркен Тұрсынхан Зәкенұлы, Ақжігіт Әлібекұлының батырға қатысты айтылған оқығалармен, деректермен ұласты.
Ұлт-азаттық көтеріліс халқымыздың басынан өткен ең ауыр тарих, кеште «Ер есімі – ел есінде» атты тақырыпты көрме қойылды. Ұлт-азаттық қозғалыс және Амангелді Имановқа арнайы жазылған кітаптармен толықтырылды.
Әдеби-кешіміз батырдың өмірі мен ерлік істерін әңгімелей отырып, оқу ордамыздың магистр, студенттерінің қатысуымен батырға арналып жазылған өлеңдер оқып, әндер айтылып, күй тартылды.