10 қазан күні дәстүрлі түрде «Гумилев әлемі» жобасы аясында «Лев Гумилев — ғасыр жұлдызы» атты танымдық сағаты ғылыми кітапхана мен механика-математика факультеті бірінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.
Бірлескен іс-шараның мақсаты оқырман қауымға Л.Н. Гумилевтің өмірбаяны мен тарих ғылымына қосқан үлесі, түркітану саласындағы еңбектерін насихаттап, ғалымның атындағы білім ордасы жайлы таныстыру. Ұйымдастырушылар ғалымның өмірі мен еңбек жолын дәріптей отырып, айтылған мәліметтер негізінде қатысушылар арасында викториналық ойын ұйымдастырды. Механика-математика факультетінің студенттері А.Молдабек «Тұйық көше», А.Жылқыбай «Біздің атқа жел жетпес, біздің қыздар періште», М.Рахметоллаева «Тербеледі естеліктер ескірген…» деген сияқты ақынның 2004 жылы Санкт-Петербург: «Росток» баспасынан шыққан «Дар слов мне был обещан от природы» кітабынан аударылған өлеңдерін тебірене оқыса, Яқыпбаев Серік қазақтың күмбірлеген домбырасымен «Ерке сылқым» күйін тарту етті.
Қатысушылардың қызығушылығын оятатын ғалымның еңбектерінен кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге зерттеушінің «Древние тюрки» (1960ж.), орыс тілінен қазақ тіліне Ә.Жұмабаев пен П.Бейсеновтің аударуымен шыққан «Көне түріктер», «Хұндар» кітабы, IX–XIII ғасырлардағы Орталық Азия халықтарының өмірі туралы қызықты және егжей-тегжейлі баяндалған «Поиски вымышленного царства» (1967ж.), «Этногенез и биосфера Земли», «Черная легенда» (А.И. Куркчимен бірге жазған), «Открытие Хазарии», «Струна истории», «Конец и вновь начало»т.б. бірнеше еңбектері қойылды. Күздің осындай мамыражай күнінде ұйымдастырылған мағыналы да, мәнді шара оқырмандарымызбен қызықты өтті.