“Жеке ғылыми зерттеулер үшін, мақалалар мен кітаптарға қалай таңдау жасауға болады” вебинары

Құрметті ғалымдар! Ғылыми кітапхана 2023 жылдың 13 қазан күні, сағат 15.00 — де арнайы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың мұғалімдеріне, магистранттары  мен докторанттарына арналған Springer Nature баспасының вебинарына шақырады.

Вебинарда сіз қолжетімді контентпен бірге, link.springer.com платформасының функционалдық мүмкіндіктері мен оқу құралдары, ғылыми мақала, жоба немесе диссертация жазу үшін кітаптар мен мақалаларды таңдай алу жолдарын және ресурстың басқада мүмкіндіктері туралы біле аласыз.

Қосылу үшін сілтеме: https://clck.ru/3649PA

Вебинарды Springer Nature өкілі Ирина Александрова жүргізеді.

Ақпарат үшін: 2023 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жазылымы бойынша 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 3500-ден астам Springer.link рейтингтік ғылыми журналдары және «Интеллектуалды технологиялар мен робототехника (Intelligent Technologies and Robotics)», «Бизнес және менеджмент (Business and Management)» бағыттары бойынша 2022 жылға арналған кітаптар жинағы бар.