Maker Space және жас кітапханашылардың жобалары

Кітапхана мен оқырманның арасындағы алтын көпір – кітапханашылар.

Кітапханашылар күніне орай Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жас кітапханашы»  форумының аясында  Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Maker Space және жас кітапханашылардың жобалары» атты секциясы өтті.

Форум кәсіби дағдылармен алмасу, кітапханашы мамандығының  имиджін нығайту, беделі мен кәсіби біліктілігін көтеру.

Форумға аудандық, қалалық, облыстық кітапханалардан келген 50-ден астам кітапханашы қатысты.

Кітапханадан жас кітапханашыларымыз өздерінің жасап жатқан жобалары туралы презентация жасады. Бұл жерде Maker Space, ғылыми-зерттеу жұмыстары, репозиторий, медиатека, инклюзивтік орталық, Booken club, әлеуметтік желілер туралы айтылды.