Құрметті зерттеушілер! 2023 жылғы 17 қарашадан бастап Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне «Ұлттық цифрлық платформа E-UNI.KZ» жаңа цифрлық өнімге тестілік қолжетімділік берілді. Бірегей политематикалық базада оқу және ҚР жоғары оқу орындарының ғылыми басылымдары, сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы ТӨУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университет, ХАТУ және т. б. жоғары оқу орындарының басылымдары кеңінен ұсынылған. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде цифрлық технологиялар, педагогика, инженерлік және жаратылыстану ғылымдары, экономика және құқық бойынша 4000-нан астам басылымдар ұсынылған. Сондай-ақ, платформада онлайн курстар, дәрістер және басқа да пайдалы қызметтер бар. Жаңа платформа пайдаланушыларға уақыттың жаһандық сын-қатерлеріне бірлесіп жауап беруге және экономиканың әртүрлі салаларында білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесіп дайындауға көмектесетін ең жақсы тәжірибелерді табуды және таратуды ұсынады. Қолжетімділік 2 айға берілді, Ғылыми кітапхана бетінде ресурсқа өтіп, тестілік қолжетімділік бөліміндегі жазылу ресурстарының тізбесімен толығырақ танысуға болады.