ӘКІМ ЫСҚАҚПЕН КЕЗДЕСУ

13 желтоқсан күні ғылыми кітапханада сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі және «Booken club» бірлесе отырып қоғам қайраткері, саясаткер, ақын, сазгер Әкім Ысқақпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты оқырмандарымызды белгілі ақын, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Ә. Ысқақтың шығармашылығымен таныстыру.

1997 жылдың 13 желтоқсанында «Халықтың көші-қоны туралы» заңға ҚР Президенті қол қойған болатын. Әкім Ысқақ тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы.

Кездесу барысында Әкім Ысқақ «Халықтың көші-қоны туралы» заңын талқылау кезіндегі кездескен қиындықтар туралы, қабылдану барысы, қоғамдағы рөлі, сонымен қатар шетел азаматтары асырап алған қазақ балаларымен жүздескен сәтін, олардың өмірі жайлы баяндады. Өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімеледі.

Кездесуді ақын, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы Иманғазы Нұрахметұлы жүргізді. Кеште сазгер ақынның әндерін әнші Ардақ Маратқызы орындады. Кітапхана қызметкерлері Айсұлу Меңлібекова, Мөлдір Бегленбетова, Майра Ділдақан, Абыт Бағжан және филология факультетінің студенті Рахат Мұратқызы ақынның қара сөздерін оқыды.

Қатысушылар шынай өмірден алынған сюжеттер жайында айтылған әңгімелерінен керемет әсер алды. Оқырмандар «Халықтың көші-қоны туралы» заңының 26 жылдығына орай авторды құттықтап, алғыстарын білдірді.

Ғылыми кітапхана қорына жазушы өзінің «Адам – өмір дәптері» (2022), «Менің Қосжаным» (2021), «Алтыным» (2018), С. Ысқақұлы «Адам арын ойлайды: өсиеттер» (2023) атты кітаптарын сыйға берді.