2024 жылы 15-ақпанда Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ғылыми кітапханада «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты әскери-патриоттық тәрбие сағатын өтті. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаларды қадірлеп, құрметтеу, ерлігін үлгі ету әрбір азаматтың борышы. Әскери-патриоттық тәрбие – жас ұрпақты Отанды қорғауға жастардың бойында патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта студенттерге ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге ауған соғысының ардагерлері Қ. Елубаев, А. Жұмаділханов, Б. Оразалиев, Ауған соғысы ардагері Б. Белғараның жұбайы Д. Мақат, әскери кафедра оқытушылары Ж. Шарипов, Н. Досмағамбетов және де әскери кафедра студенттері қатысты.
Ардагерлер тақырып аясында тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, Ауғанстан туралы естеліктер айтты.
Іс-шара барысында студенттер ауған соғысы жайлы ардагерлердің әңгімелерін тыңдап, сұрақтарын қойды. Шараны кітапханамен бірлесіп, университетіміздің әскери кафедрасы мен ақпараттық технологиялар факультетінің «Жастар рухы-жастар қанаты» белсенділері ұйымдастырды. Есенқабыл Ақбота Ауған соғысы туралы баяндама оқыды.
Белсенділер Байдуллаева Ақжайық пен Мекеш Айкерім «Әлқиса» күйін орындаса, Капарова Альбина Бақытбек Смағұлдың «Ауғанда болған ардагер» атты өленін оқып, кештің әсерлі өтуіне атсалысты.