Ғылыми кітапханада «Оқытушы еңбегі-оқырманға ой салса» жобасы аясында филология факультетінің шет тілдері кафедрасының аға оқытушы Айгүл Абунагимовна Дюсенғалиевамен кездесу өтті. «Заманауи әлемдегі тілдің рөлі» тақырыбында өткен шара барысында кеш қонағы жалпы тіл ғылымы туралы, оның ішінде қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің маңызы, ағылшын тілін үйренудің өзектілігі және қазіргі адамдардың өміріндегі көп тіл білудің, тіл мәдениетінің рөлі жөнінде жан-жақты баяндап берді.
Қатысушылар тарапынан механика-математика факультетінің 1 курс студенті Гюзель Каленованың бастауымен ортада кішігірім дебат өткізіліп, өз ойларын ортаға салып, түрлі ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, механика-математика факультетінің 1 курс студенті Баянсұлу Рахымберді, журналистика және саясаттану факультетінің 2 курс студенті Махбал Ерхуат, филология факультетінің 3 курс студенті Алтай Жолдыбай тіл құдіреті, тіл мәртебесі туралы мәнерлеп өлең оқыды. Іс-шара соңында оқытушылар, студенттер кітап көрмесін тамашалады.