Елімізде өтіп жатқан «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын қолдау мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті де үлкен үлес қосып жатыр. Барлық факультеттермен қатар ғылыми кітапхана қызметкерлері де жеке кітапханаларынан, кітап дүкендерінен кітаптар жинақтап акцияға белсене қатысуда.