2020 жылдың 17-19 қарашасында ғылыми кітапхана «Жоғары оқу орны кітапханаларының әлемдік дамудағы жаңа үрдістері» атты IX халықаралық конференциясын өткізді. Конференция ҚР жоғарғы оқу орындары кітапханаларының қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты іс-шара онлайн форматта өткізілді. Бұл конференцияға қазақстандық университет қауымдастығы үшін ақпараттық-кітапханалық қызметті жақсартуға қызығушылық танытып отырған 200-ден астам Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған, Орал, Шымкент, Арқалық және басқа қалалардан 55 жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің кәсіби жүктерін Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы заманауи білім беру және зерттеу процесін ақпараттық қолдау сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа білім мен дағдылармен толықтырудың керемет мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара бағдарламасына қазіргі заманғы жоғары оқу орнының ақпараттық инфрақұрылымындағы кітапхананың орнын қайта қарау үшін өте маңызды деп әлемдік қоғамдастықта танылған тақырыптар енгізілді. Конференция қатысушылары талқылау нәтижесінде қашықтықтан оқыту жағдайындағы жоғары оқу орны кітапханасы қызметінің басым бағыттарын атап өтті. Бұл – өзіндік электрондық деректер қорын құру, университет жазылған электрондық ресурстардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, қашықтықтан оқыту форматын жан-жақты ақпараттық қолдау, кітапхана қорынан басылымдарды цифрландыруды орындау және оларға қашықтан қолжеткізуді қамтамасыз ету, студенттер мен оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруды қолдау, сондай-ақ кітапхана персоналында «Ашық кітапхана» философиясын қалыптастыру және пайдаланушыларға 24/7 форматында жедел және кәсіби көмек көрсетуге дайын болу.
2020 жылғы конференцияның белгіленген негізгі тақырыбы: «Заманауи кітапханалық жүйелер: технологиялар мен инновациялар» аясында ресейлік «Data Express» компаниясының өкілдері «MegaPro» автоматтандырылған интеграцияланған кітапханалар жүйесінің кешенді автоматтандыруға арналған мүмкіндіктері туралы және университет кітапханасының ақпараттық-кітапханалық қызметі, электрондық кітапханалар мен электронды кітапханалар жүйесін құру, кітапхана желілерін құру, ақпараттық ресурстарды тиімді басқару, оларға қолжетімділікті ұйымдастыру және оларды қорғау туралы баяндады. Элар корпорациясының өкілі конференция қатысушыларын RFID технологиялары негізінде байланыссыз кітапханалық қызметтердің заманауи шешімдерімен таныстырды. Осылайша, жоғары оқу орны кітапханасын дамыту факторы ретінде жаңа технологиялық шешімдер мен цифрлық жабдықтарды енгізудің өзектілігі мен қажеттілігі атап өтілді.
Қашықтықтан оқыту жағдайында әр университет кітапханасының қорында өзінің жеке электронды жинағының болуы және қашықтағы электрондық білім беру ресурстарына қол жетімділік ерекше рөл атқарады. Мұны тәжірибе дәлелдейді. Білім мен ғылымды ақпараттық қолдауда электрондық білім беру, ғылыми және ғылымометриялық деректер қорының әлеуетіне ерекше мән бере отырып, конференция бағдарламасына электрондық ақпарат жеткізушілерінің қатысуымен арнайы сессия енгізілді. Эпиграф, EBSCO, IPRMedia, ИНФРА-М ҒЗО, Euromonitor International, Wiley, IEEE отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері электрондық контент мүмкіндіктерін көрсетті және мастер-класс өткізіп, конференция қатысушыларының сұрақтарына жауап берді. Олардың баяндамалары қатысушылардың кәсіби ой-өрістерін кеңейтіп, кітапхана қауымдастығының беделді әлемдік ғылыми білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы студенттер мен оқытушылардың өсіп келе жатқан сұраныстарын орындау үшін университет кітапханасының ақпараттық әлеуетін кеңейтуде маңызды орын алды.