Ағымдағы жылдың 20 қарашасында ғылыми кітапхананың «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімінің ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің «Абай афоризмдері» онлайн-дәрісі өтті.
Профессор С.Негимовтың «Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы» атты кітабы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай академиясы» сериясымен жарық көрді. Автор Абай шығармашылығын оның көркемдік, философиялық, ғылыми, тарихи және филологиялық дүниетанымы тұрғысынан зерттейді.
Серік Негимов Абайдың образ жасау ерекшелігін талдау арқылы, ақын афоризімін қанатты сөздер және нақыл сөздер деп бөледі. Лекция ұлы ақынның өлең жолдарында кездесетін афоримздік тіркестердің табиғаты мен мән-мағынасын ашуға бағытталған. Ғалым Абай қаламынан туған афоризмдердің он жеті түрін атап көрсетті және олардың ерекшелігіне жеке-жеке тоқталды. Атап айтқанда: танымдық, тағылымдылық, ғылымдық, мінез-құлықтық, тарихилық, еңбекшілдік т.б. түрлерге жіктеген.
Онлайн-дәріске университет оқытушылары, студенттер мен кітапхана қызметкерлері қатысты.