Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынның шығармашылығына арналған «Поэзия менімен егіз бе едің…» Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен онлайн әдеби-шара өтті. Инклюзивті ақпараттық ресурстар орталығының координаторы, модератор Гүлhая Бабаханқызы білім алушыларға ақын-жазушының шығармашылығын дәріптеп өтті. Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің маманы Иманғазы Нұрахметұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын баяндап, «Махаббат, сенен келсін деуші едім ажалым» өлеңін оқыды. Әдеби кештің қонағы, тілші, журналист, жазушы Мұнайдар Балмолда Мұқағали Мақатаевқа арнаған өзінің өлең-жырларын тарту етті. Экономика факультеті бойынша «Жас Отан» жастар қанатының белсенді студенттері де өз тараптарынан ат салысты. Ұйым төрағасы Бақбол Адуын «Бақыт деген не өзі» атты өлеңін оқыса, Камилла Русланқызы «Сенің көзін», ал Шынжырова Нұрайлым «Санаулы күн, Санаулы ай, Санаулы жыл» өлеңін тарту етті. Университетіміздің журналистика мен филология факультеттерінің студенттері Мұқағалиға арнаған өлеңдерін жырлады. Филология факультетінің 3-курс студенті Мүсілім Фариза ақынның «Фаризаға» атты өлеңін оқып оқырмандардың жүрегінен жол тапса, ал журналистика факультетінің 3-курс студенті Есмағанбетов Рамазан «Ей, өмір» атты өлеңін тарту етті. Іс-шара соңында ғылыми кітапхана директорының орынбасары Жанар Бекайдарқызы әдеби кешке қатысушы поэзия сүйер оқырмандарына алғысын білідіріп, ақынның «Поэзия менімен егіз бе едің…» атты өлеңімен қорытындылады. Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді. Қазақтың біртуар ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өзінің шығармашылығымен артынан өшпес із қалдырды.