2021 жылдың 20 сәуір күні Ғылыми кітапхана «ZhasStar ENU» блогерлерімен бірлесе отыра Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай кітап-талқы өткізді. Аталған шара қарымды қаламгер Дулат Исабековтың «Қарғын» романына арналды. Қатысқан қонақтар мен білім алушылар роман жайлы ойларын білдіріп, талқыға салды.
«Қарғын» романы — нағыз студенттік шақта оқитын кітап. Оқып болған соң, әсерім толассыз болды. Достарыма, группаластарыма тездетіп осы шығарманы оқыңдаршы деп үгіттедім. Жасын мен Бағила атты екі кейіпкердің сана биігінде тоғысуы — махаббаттың айқын көрінісі. Шығармадан алған әсерім зор», — дейді жаратылыстану ғылымдар факультетінің 1-курс студенті Балнұр Аман.
Шара студенттердің жылы лебізімен аяқталды.