Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау бөлімі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім жұмысының мақсаты — ғылыми-зерттеу қызметіне ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету, ЖОО ғалымдарының мақала жариялау белсенділігін арттыру, институционалдық репозиторийді жүргізу.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
ҒЗЖ қолдау қызметтері:
ғылыми контенттің лицензияланған (жазылым) білім беру, ғылымиметрикалық және ашық деректер базаларымен жұмыс;
ғалымдардың ғылыми жарияланымдарының көрінімділігін арттыру үшін сәйкестендіру (идентификация) жұмыс;
ғылыми ізденіс дағдыларын арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін электрондық ресурстар контентін пайдалану бойынша оқыту тренингтерін өткізу;
ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялау үшін дереккөздерді таңдау бойынша консультациялар.
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (вн.36-102, 36-105), каб.102, 110 (ул.Пушкина,11)
e-mail: aituarova_ad@enu.kz
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма: 9.00 — 19.00
Сенбі: 9.00 — 14.00
Жексенбі: демалыс
Әр айдың соңғы күні — тазалық күні.