15-25 ақпан аралығында Ғылыми кітапханада «Кітапханадағы Факультет күндері» кешенді ақпараттық-танымдық бағдарламасы өтті. Бағдарлама студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және оқытушы ғалымдарды оқу үдерісіне қажетті кітапхананың ақпарттық ресурстарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шарада кітапхананың веб-сайтындағы пайдалы мәліметтер, құрылымы мен пайдалану ережелері, электрондық каталог пен әлемдік толық мәтінді деректер базасын пайдалану жолдары мен олардың мүмкіндіктері жайында кеңестер берілді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдау мақсатында ғылыми журналдарды іріктеу, рейтингісін анықтау, авторлық идентификациялау бойынша ережелерімен танысты.
Американ ақпарат орталығында әр түрлі тақырыптағы мәдени-танымдық іс-шаралар, пікірталас клубтары, ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын жетілдіретін курстар туралы мәліметтер алды. Халықаралық тесттерге (TOEFL, IELTS, SAT және т.б.) ағылшын тілінде дайындалу бойынша кәсіби кеңестер берілді, сонымен қатар MakerSpace техникалық зертханасының жобаларымен танысты.
Әр мамандық бойынша соңғы жылдары жарыққа шыққан оқулықтар мен ғылыми басылымдардың да көрмесі ұйымдастырылды.
Шараны ұйымдастыруға әр факультетке жауапты пәндік кітапханашылар белсене атсалысты.