Ағымдағы жылдың 19 сәуірі күні Дүниежүзілік Кітап және Авторлық құқық күніне орай өткізіліп жатқан «Кітап – білім бұлағы» кітап апталығының аясында Оқу-зертхана ғимаратындағы Ғылыми кітапхананың «Электрондық ресурстар» оқу залында «Кітап – алтын қазынам» атты білім сайысы өтті.
Осы мереке арқылы баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақыру мақсатында өткізілген бұл шараға филология факультетінің студенттері Ж. Джаканова, Ш. Мұратбек, Д. Көшкін, Д. Жұмабай, А. Матаева, Ж. Садыков, А. Дәуренбек, А. Балтабаева, Қ. Орынбасар, А. Темиржанова, Н. Көкен, Ж. Султанбаева қатысып, өнерлерін көрсетті.
Білім сайысында «Кітапсүйерлер», «Кітапқұмарлар» топтары «Білім көзі – кітапта» кезеңінде сұрақтарға ұшқыр жауап беріп, «Мақал-сөздің мәйегі» кезеңінде мақалдардың жалғасын айтып мақышына келтірді, «Көңілді тапқырлар» кезеңінде кітаптың авторын таба отырып, әр шығраманың авторына, мазмұнына тоқталып отырды, «Ойлан, тап» кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының тарихи ескерткіштерін сурет бойынша тауып білімдерін паш етті, «Үй тапсырмасы» кезеңінде «Атамекен» әні мен халық әндерінен папури орындалып өнерлерін ортаға салып, қызықты білім сайысы мәресіне жетті.
Іс-шараны ұйымдастырушы ғылыми кітапхананың қызметкерлері З.Ш. Жолдасбекова, А.А. Калкузова, Г.Б. Қыдырбаева білім сайысына қазылар алқасы болып, жеңімпаз топты анықтап, қатысушыларға жылы лебіздер айтып, алғыс білдіріп, кітап сыйға берді.