АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

Ғалым, қазақ ағартушысы, Алаш қозғалысының рухани көшбасшысы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушы, тұңғыш қазақ әліппесінің авторы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына  150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы» атты кітап көрмесі ЕҰУ колледжінің кітапханасында өтті.

     

Көрмеге автордың әдеби шығармалары – «Тіл құралы» (1925), «Әліп+би» (1926), «Тіл жұмсар» (1928), «Ақ жол» (1991), «Тіл тағылымы» (1992), «Алты томдық шығармалар жинағы» (2013), «Қазақ тіл білімінің мәселелері» (2013), және басқа да еңбектері қойылды. Оның ең танымал ертегілері «Маса» (2005), «Қырық мысал» (2001). Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін зерттеген белгілі ғалымдардың: Рабиға Сыздықова, Райхан Имаханбетова, Самырат Кәкішев, Нұржамал Машқанның да еңбектері оқырманға таныстырылды.

 

     

Гүлмира Досанқұлқызы көрмедегі кітаптарға шолу жасап, колледж студенттері мен оқытушыларының кең ауқымының назарын аударды.