Құрметті оқырман қауым!
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – жазушы-ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ғалым Т. Кәкішевтің мұрасы» атты кітап көрмесімен Ғылыми кітапханадан танысуға болады.
Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик Тұрсынбек Кәкішев 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі аулында дүниеге келген.
Көрменің бірінші бөліміне жазушының өмірбаяны мен өмірі туралы кітаптармен: «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан «Тұрсынбек Кәкішев» (2012), Ж.Қ. Смағұловтың 2 томдық «Тұрсынбек Кәкішев: ғұмырнамалық зерттеу» (2021), Т.К. Кәкішевтің «Мерей: ғылыми-биографиялық жинақ». 2-томдық (2002), «Сырсандық: Сәкенге өмірін арнаған саңлақ». 2-кітап.
Естеліктер (2016), сондай-ақ қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеген алғашқы жарық көрген еңбектерімен: «Октябрь өркені» (1962), «Дәуір суреттері» (1967), «Сын сапары» (1971), «Үштасқан үш өзенмен» (1978), «От истоков — к вершине» (1978), «Оңаша отау» (1982), «Жол үстінде 80 күн» (1983), Дәуір дидары (1985), «Садақ» (1986), «Жасампаз өлке» (1989), «Сайыс» (2001) таныса аласыздар.
Келесі бөлімде Т. Кәкішевтің ақын, жазушы С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми-зерттеу еңбектері: «Сәкен Сейфуллин» (1967, 1976, 1997), «Қызыл сұңқар» (1968), «Сакен Сейфуллин» (ЖЗЛ, 1972), «Поступь» (1988), «Санадағы жаралар» (1992), «Сәкен және Гүлбаһрам» (1994), «Сәкеннің соты» (1994), «Ескірмейді естелік» (1994), «Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры» (1997), «Сәкен сүйген сұлулар» (1997), «Мағжан мен Сәкен» (1999), «Сәкен аялаған арулар» (2003), «Дала дауылпазы» (2005) және тағы да басқа зерттеулері ұсынылды.
Көрменің соңғы бөліміне жазушының соңғы еңбектері: «Сәбең әлемі» (2000), «Сандалтқан «садақ» (2002), «Толғам» (2004), «Сәбит Мұқанов» (2005, 2009), «Жаяусалдың серуендері» (2009), Т. Кәкішевтің «Көп томдық шығармалар жинағы». 1-6-том (2010-2016) кітаптары қойылды.