Оқырмандарды қордың жаңа басылымдарымен таныстыру

ЕҰУ ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізілетін Ақпарат күндері оқырмандарды қордың жаңа басылымдарымен таныстыруға бағытталған.

Қазан айының 17-20 аралығында ОЗҒ-ның 412 кабинетінде орналасқан электронды ресурстар залында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған білімнің барлық дерлік саласы бойынша жаңа кітаптар қойылды.

 

Көрмедегі көрнекті тарихшы, ЕҰУ ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың  «Ашаршылык в источниках», «Национально-территориальное размежевание Казахстана» атты монографияларына оқырмандар үлкен қызығушылық танытты. Ғылыми еңбекте келтірілген құжаттар халқымыздың тарихынан сыр шертеді, большевиктік үкіметтің елімізге қатысты саясаты қандай болғанын айшықтайды.

Сондай-ақ Отанымыздың қайталанбас табиғатын бейнелейтін, Қазақстанның тарихи жерлерін баяндайтын «Сакральный Казахстан» кітабы барлық оқырман қауымның шынайы қызығушылығын тудырды және  Л.Н. Гумилевтің «Эксклюзивная классика» сериясы аясында жарық көрген «От Руси к России», «Открытие Хазарии» кітаптары да назардан тыс қалған жоқ.