2023 жылдың 10 ақпанында ғылыми кітапхана қызметкерлері ЕҰУ колледжінің отыздан астам оқытушы ғалымдарымен кездесті. Колледж директоры Ләззат Жаппасқызы білім бағдарламалары бойынша кітаппен және электрондық ресурстармен қамтылу мәселелерін көтерді. Кітапхананың директоры Бақытжан Әсетілдаұлы колледждің оқу жоспарына байланысты кітап қорын баспа және электрондық ресурстармен қамтамасыз ету үшін биылғы жылдың жоспарына енгізілгенін және ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Білім алушылардың талаптарына сай ғылыми кітапхана баспа басылымдарынан біртіндеп электрондық ресурстарға ауысып жатқанына да тоқталды. Кітапхананың бөлім басшысы Айнагүл Жанболатқызы кітапхананың электронды каталогына, басқа да ақпараттық электрондық ресурстарға презентация жасап, оларды қолдану мүмкіндіктерімен таныстырды. Кездесу барысында оқытушылар электрондық ресурстарға тіркелу, іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру және басқа да сұрақтарға жауап алды.