2023 жылғы 15 ақпанда on, offline форматында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің, Ғылыми кітапхананың және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жас зерттеушілерге арналған бірлескен ғылыми-әдістемелік семинары өтеді.
Күн тәртібінде:
- «»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік актінің ережелерін түсіндіру, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 7 бұйрығы», Закирова Алма Булатовна, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры, Кантуреева Мансия Арынбековна, Ғылым және ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының бастығы.
- «Зерттеушілерге арналған Elsevier баспасының академиялық ресурстары. Scopus мәліметтер базасының журналдарында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау», Рабига Хожамкул, MD, MPH, PhD кандидат – Elsevier-дің Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі.
- «Зерттеушілерге көмек ретінде университеттің жазылым жинақтарындағы әлемдік академиялық баспалардың лицензияланған электрондық ресурстары», Айтуарова А.Д., Ғылыми кітапхана, «Ғылыми зерттеу жұмыстарын және институционалды репозиторийді қолдау бөлімінің» басшысы.
- «Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру және зерттеу тақырыптарын, докторанттардың ғылыми консультанттарын бекіту/қайта бекіту», Лашкарева Ольга Васильевна, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы.
Өтетін орны: Ғылыми кітапхана (Пушкин 11), 2 қабат, А. Сейдімбек атындағы оқу залы.
Іс-шараның басталуы: 15.00 (Астана)
MS Teams-тегі іс-шараға қосылу сілтемесі: https://clck.ru/33XDP7