Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:
— Қазақстан Республикасының әдебиеті, тілі, тарихы, рухани мәдениетіне қатысты ұлттық рухани құндылықтарды жинақтау; қорды қалыптастыру, ұйымдастыру және сақтау;
— құжаттарды қалпына келтіру және сақтау, библиографиялық сипаттау, электронды каталогты ұйымдастыру және жүргізу.
Бөлімнің мiндеттерi:
- сирек кiтаптар мен қолжазбаларды, құнды ғылыми басылымдарды жинау;
- қорды таныстыру және насихаттау;
- бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау;
оқытушы-профессор құрамына, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау, сирек қормен жұмыс істеу туралы оқырмандарға кеңес беру; - ақпараттық сұранысқа және кітапхананың пайдалану ережелеріне сәйкес оқырмандарға жеке қызмет көрсету;
Бөлім қорында қазақ, орыс, шет тілдеріндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар, аудио-видео басылымдар, фото-құжаттар және мерзімді басылымдар жинақталған.
Бөлімде Қазақстанның көрнекті ғалымдарының
мемориалдық кітапханалары бар:
- Академик Ә. Марғұланның жеке кітапханасы;
- Академик М. Қаратаевтің кітап қоры;
- Жазушы С. Бегалиннің қолжазба қоры;
- Академиктер С. Қирабаев пен Ә. Бейсенованың мұражай-кітапханасы (303 каб.);
- Академик Р. Сыздықованың кітап қоры;
- Профессор Т. Кәкішевтің кітап қоры;
- Профессор О. Нұрмағамбетованың кітап қоры;
- Жазушы-ғалым А. Сейдімбек кітап қоры;
- Профессор Т. Жұртбайдың кітап қоры;
- ГФР Сыртқы істер министрі Х.-Д. Геншердің кітапханасы;
- Академик Д. Қамзабекұлының кітап қоры.
Ғылыми кітапхананың бас ғимаратының 2-ші қабатында оқырмандарға «Әлкей Марғұлан залы», «Ақселеу Сейдімбек залы» қызмет көрсетеді.
Бөлімнің жұмыс уақыты:
дүйсенбі – жұма: 09.00–20.00,
сенбі: 09.00–17.00
Жексенбі — демалыс күні.
Айдың соңғы күні – тазалық күні.
Бөлім басшысы: Ермаганова Мейрамкул Загпарқызы
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 36–203), (Пушкин көшесі, 11)
e-mail: miramgul_66@mail.ru