2023 жылдың 24 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ғылыми кітапханада Springer Nature баспасының «Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін link.springer.com да журналдарды, мақалаларды, кітаптарды қалай таңдауға болады. Шетелдік рейтингтік журналда мақаланы қалай жариялауға болады?» атты вебинары өтті.
Вебинар спикері Александрова Ирина Алексеевна, Springer Nature компаниясының Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы өкілі өз сөзінде зерттеушілер үшін үлкен қызығушылық тудыратын мәселелерді атап өтті:
1. Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ үшін қандай ресурстар ашық жазылу аясында.
2. Зерттеу және оқытушылық қызметке арналған мақалаларды, журналдарды, кітаптарды қалай таңдауға болатынын.
3. Web of Science/Scopus-та индекстелген және көрсеткіштері бар тегін журналдарды ғылыми бағыттардың мысалдарымен қалай таңдауға болатынын.
4. Мақаланы рейтингтік журналдарда жариялау үшін қандай талаптар мен нұсқауларды орындау керек.
Зерттеушілер үлкен қызығушылық танытып, ғылыми журналдарда, ғылыми конференцияларда жариялау процесі, мақалалар жариялауға болатын ғылыми бағыттар бойынша рейтингтік журналдар тізімі бойынша бірқатар сұрақтар қойды.