Инклюзивтік ақпараттық-ресурстық орталық

Инклюзивтік ақпараттық-ресурстық орталық 2019 жылдың қазан айында ашылды. Басты мақсаты – арнайы білім беруді қажет ететін білім алушыларға ақпараттық қолдау көрсету. Орталық барлығына бірдей кедергісіз ортада ақпараттық-кітапханалық ресурстарға қолжетімді болуына қолдау көрсетеді. Нашар көретіндер мен зағиптарға арналған арнайы мобильді сервистік қосымшалары бар электрондық ресурстар,  Брайль шрифті кітаптар мен әртүрлі ғылым салаларын қамтитын медиатеканы ұсынады. Мысалы, «Лань» электронды-кітапханалық жүйесі  (https://e.lanbook.com)  нашар көретін студенттерге қашықтықтан оқыту режимінде сөйлеу синтезаторын таңдау мүмкіндігімен визуалды емес оқуға арналған электронды кітаптарды, «IPRbooks» (http://www.iprbookshop.ru) электронды кітапхана жүйесі арнайы ридер мен адаптивті мобильді қосымшаны ұсынады. Сондай-ақ тірек-қозғалтқыш аппаратымен проблемалары бар адамдар үшін ақпаратпен жұмыс істеу және пайдалы уақыт өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Орталық коворкинг аймақта мақсатты аудиторияның білім беру және зерттеу қызметін қолдау мақсатында семинарлар, оқу тренингтерін, Брайль техникасын оқыту бойынша консультациялар, мотивациялық кездесулер, психологтардың түрлі мастер-кластарын және басқа да іс-шаралар өткізеді.

Орталықтың координаторы: Жуашбаева Гүлһая Бабаханқызы

Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 36-109) № 101 каб. (Пушкин көшесі, 11)

e-mail: zhuashbayeva_gb_1@enu.kz

Бас маман: Панкей Жанерке

Почта : pankei_zh@enu.kz
  Library.enu_inclusive.centre

 

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма  9.00 — 18.00,  сенбі  9.00 — 14.00

Демалыс күні – жексенбі.

Айдың соңғы күні  – тазалық күні.