2023 жылғы 27 — 28 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім Министрлігімен және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының Қауымдастығымен бірлесіп “ЖОО кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер. Университеттің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануындағы академиялық кітапханалардың рөлі” атты ХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция академиялық кітапханаларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, ақпараттық-кітапханалық және ғылыми-білім беру ортасында тәжірибе мен білім алмасудағы алаң болуға арналған.
Талқылауға келесі мәселелер ұсынылады:
- университеттің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануындағы академиялық кітапханалардың рөлі (наукометрия, библиометрия, ашық деректер және ғылыми басылымдар);
- ҚР ҒЖЖБМ жаңа нормативтік-құқықтық құжаттары;
- кітапхана ісі бойынша халықаралық стандарттар;
- кітапхананың цифрлық ортаны дамытудағы рөлі;
- кітапханаларды дамытудың инновациялық модельдері;
- үздіксіз кітапханалық білім;
Конференция шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі — ЖЖОКБҰ) кітапхана басшыларына ҚР ҒЖБМ бастамасымен нормативтік-құқықтық құжаттарды (КВТ, МЖМБС, бұйрықтар және т. б.) түсіндіру бойынша семинар өтеді.
Конференция бағдарламасы ҚР ЖОО кітапханалары Қауымдастығының сайтына орналастырылды: http://ulark.kz,
Конференцияның жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.