24 тамыз күні ғылыми кітапхана ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетімен бірлесіп «Адами капиталдың дамуы — ел экономикасы өсуінің негізі» атты форум аясында тіл саясатының өзекті мәселелеріне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге қазақ тілін зерттеген ғалымдардың кітаптары, Ахмет Байтұрсынұлының әр тілде шыққан «Таңдамалы шығармалары», «Тіл тағылымы», «Әліб-би» және Алаш арыстары туралы еңбектері ұсынылды.
Қазақ тіл білімінің қалыптасуына үлес қосқан Ісмет Кеңесбаев, Өмірзақ Айтбаев, Құлмат Өмірәлиев, Мәулен Балақаев, Шора Сарыбаев, Талғат Сайрамбаев және басқа да академиктердің «Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты еңбектері қойылды.
«Тіл саясаты комитетінен» шыққан Әбдуәли Қайдардың, Рабиға Сыздықованың, Телжан Шонанұлының көп томдық еңбектерімен және оқу құралдарымен форумға келушілер танысты.