«IEEE басылымдарына мақаланы дайындау және жариялау стратегиялары» атты ақпараттық тренингі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, ДОКТОРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР! 

Ғылыми кітапхана сіздерді IEEE баспасының ресми өкілімен болатын «IEEE басылымдарына мақаланы дайындау және жариялау стратегиялары» ақпараттық тренингіне шақырады. Қазақстандағы электроника және электротехника инженерлері институты. 

Тренинг студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға, зерттеушілерге, сондай-ақ IEEE ғылыми ресурстарымен танысқысы келетіндердің барлығына бағытталған. Тренингте IEEE журналының басылымдарына мақалаларды дайындау және ұсыну процесі, IEEE Xplore платформасының функционалдығы мен құралдары туралы сұрақтар қамтылады. 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не электротехника, ақпараттық технологиялар және электроника бойынша 6 миллионнан астам толық мәтінді техникалық құжаттарға қол жетімділікті қамтамасыз ететін IEEE Xplore — халықаралық деректер базасына қолжетімділік берілді. IEEE Xplore коллекцияларында: 200-ден астам IEEE ғылыми журналдары, 1800-ден астам IEEE конференция жинақтары, 4600-ден астам IEEE бекітілген және жарияланған стандарттары бар. 

Тренинг 2023 жылдың 18 қазанда сағат 15.00-де өтеді (Астана қ.).  

Мекен-жайы: Пушкин к-сі 11, Ғылыми кітапхана, 2-қабат, А. Сейдімбек аудиториясы  

Оnline қосылу сілтемесі: https://clck.ru/367YZ8