Кітапханада «Back-office» алаңының ашылуы

«Кітапханашылар күні» мерекесімен арнайы құттықтап келген университетіміздің ректоры Ерлан Бәтташұлы кітапхана қызметкерлерінің университеттің білім беру ортасындағы орнын жоғары бағалап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне жеміс тіледі. Осы кәсіби мерекенің аясында ғылыми кітапхана қызметкерлерінің жобаларын жүзеге асыру және жайлы жағдай жасау мақсатында «Кітапханашылардың «Back-office» мен «Coffee room» орындарын ашып, тұсауын кесті.

Кітапхана директоры Б.Оразалиевтың бастамасымен ұйымдастырдлған «Кітапханашылардың «Back-office» алаңының мақсаты – кітапхананың, ғылым мен білімнің әр түрлі саласындағы жобаларды іске асыру және тиімділігін арттыру, кездесулер мен диалогтар өткізу.

 

Кітапханашылар өз оқырмандарына, университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне жылы лебіздері мен ынтымақтастықтары үшін алғысын білдірді.