Сапалы ұлт: білім, ғылым және мәдениет

25  қаңтар күні ғылыми кітапханада студенттер елімізге белгілі  ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Қалижан, ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай, ҚР ҰҒА академигі Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріппен кездесті.

       «Сапалы ұлт: білім, ғылым және мәдениет» тақырыбында өткен кездесуді ұйымдастырушы  кітапхана директоры Бақытжан Оразалиев студенттерге ғалымдарымызды таныстыра отырып, шараның маңыздылығын атап өтті. Алғы сөзінде университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Серік Биханұлы Мақыш сапалы ұлт болу үшін жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және жоғары сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету керек екенін айтты.

       Кездесуде ғалымдар Мемлекет басшысы айқындаған сапалы ұлт болудың  алғы шарттары хақында, білім мен  ғылымның қоғам дамуындағы  рөлі, қазіргі жағдайы және ұлттық мәдениеттің бірегейлігі  төңірегінде өзара байланысы және қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуі туралы ой толғады.

 

  Сонымен бірге кездесу аясында  ғалымдарға TURKSOY халықаралық ұйымының  атаулы медальдары тапсырылды.