«Ақпараттық сауаттылық» дәрістері

Ғылыми кітапхананың оқу-зертхана ғимаратындағы электрондық ресурстар залында күнделікті «Ақпараттық сауаттылық» дәрістері өтеді. Дәрістің бағдарламасында «Электрондық каталогтың құрылымы мен ақпарат іздеу жолдары», «Оқу және ғылыми бағыттағы электрондық ресурстардың мүмкіндіктері», «Наукометриялық деректер базасының ерекшеліктері», «Анықтамалық- библиографиялық қызмет түрлері: библиографиялық тізім, көрсеткіш, шолу» және басқа тақырыптарды қамтиды.

 

Ақпан айында өткен «Ақпараттық сауаттылық» сабақтарына филология факультетінің оқытушылары А.К. Ақышева мен М.Ж. Түсіпбекованың жетекшілігімен бірнеше топтары, Жаратылыстану ғылымдары факультетінен, Сәулет-құрылыс факультетінен 1 курс студенттерімен өткізілді. Оларға электрондық деректер базасына тіркелу алгоритмі, ақпаратты іздеудің әдістері мен мүмкіндіктері айтылды. «Ақпараттық сауаттылық» дәрісі оқырмандар үшін тиімді, өйткені бір уақытта теориялық білімін қалыптастырып, өзіндік жұмыстарына қажетті кітапхананың ресурстарын кеңінен қолдана алады.