14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Әдетте бұл күні бір-бірімен кітап алмасады немесе бір-біріне сыйға тартады. Жаңа, қызықты, танымдық кітап оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді.
Осы мерекеге орай филология факультеті шет тілдері теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі Бейсембаева Ж.А., кафедра профессорлары Кусанова Б.Х., Гауриева Г. М., Хамитова Г. А., аға оқытушылар Кожахметова Г.А., Бейсенбаева Л.Ж. университет кітапханасына кітаптар сыйлады.