Мемлекет басшысы елдің жаңаруы Наурыз мерекесін жаңа форматта тойлауды жариялады. Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған. Наурызнама онкүндігі аясында 14 наурыз күні ғылыми кітапхананың әлеуметтік-экономикалық оқу залында туризм кафедрасының PhD докторы, доцент А.Т.Тлеубаеваның қатысуымен «Қазақ халқының қонақжайлылық әдеп негіздері» тақырыбында танымдық кеш өтті.
Оқырмандарымызға халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғысы, ұлттық ұстанымдары мен қонақжайлылық әдебін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шарада халық жадында сақталып, әлі желісін үзбеген «Қымызмұрындық», «Соғым басы», «Наурыз мейрамы» сынды ғұрыптар туралы дәріс оқылды.
Шара аясында «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға университетіміздің студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кеш соңында оқырмандарымызға арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, наурыз көже ұсынылды.