2024 жылы наурыздың 27 күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында ғұлама ғалым, Садуақас Ғылмани хазінеттің қызы – Үкіжан (Мүмина)
Садуақасқызының «Өмірімнен ескерткіш» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітапта Үкіжан (Мүмина) Садуақасқызының өз өміріндегі көрген, білгендері, сондай-ақ әкесі – Садуақас Ғылмани туралы және ол кісінің замандастары туралы естеліктері жазылған.
Кітап тарихқа және ұлттық салт-дәстүрге қатысты деректерімен ерекшеленеді. Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері және Садуақас Ғылманидың ұрпақтары қатысты. Тұсаукесерді ЕҰУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер жүргізді.
Тұсаукесерде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлбайра Өтелбай қолжазбаны баспаға дайындау барысын жан-жақтылы баяндап берді. Қатысушылар Садуақас Ғылымани мен Үкіжан (Мүмина) Садуақасқызы туралы естеліктер айтып ой бөлісті. Ғалымдар бұл еңбекке жоғары баға берді.
Қорытынды сөзінде Академик Д. Қамзабек кітаптың жас ұрпаққа берер тағылымына ерекше тоқталды.