18 сәуір ЕҰУ ғылыми кітапханасында “Кітап — білім бұлағы” атты апталық аясында “Білім жолындағы сабырлық: білім алушыларға арналған өзін-өзі реттеу әдістері” тақырыбында, психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірге студенттерге психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – білім алушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, тұлғаны тануға, дамуына, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Іс-шараға әр факультет студенттері қатысты. Топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып ұйымдастырылған тренинг қатысушылардың көңілінен шығып, мамандарға және ұйымдастырушы кітапханшыларға алған әсері мен ризашылығын білдірді.