“НЕЙРОГРАФИКА ӘЛЕМІ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

2019-шы жылдың 20 мамыр мен 5 маусым аралығында Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасында Ресей, Германия, Израиль, Түркия, Өзбекістан, Украина, Чехия, Швейцария және Қазақстан елдерінен НейроАрт стиліндегі 52 сурет қойылатын  “Нейрографика Әлемі” атты Халықаралық көрме өтеді. Авторлардың барлығы кәсіби суретшілер емес, көптеген адамдар өз жұмыстарын алғаш рет ұсынып отыр, бірақ олардың барлығы нейрографиканың кәсіби мамандары болып табылады. Бұл көрме Мәскеу қаласында табысты басталып, Санкт-Петербург, Нижний Новгород, Воронеж, Уфа, Краснодар, Ростов на Дону, Таганрог, Самара, Челябинск, Екатеринбург, Кемерово қалаларында да өтті. Көрме кезегі Қазақстанға да келіп жетті, астанадағы екі апталық қойылымнан кейін, көрме Алматы қаласына және одан әрі Өзбекістан, Түркия, Израиль және Еуроодақ қалаларына жөнелтіледі.

American Corner and Maker Space Astana Шығармашылық Психология институтының нейрографика нұсқаушылары Гүлмира Сыздықова және Альбина Дусталевалармен бірлесіп, барлық тілек білдірушілерді сурет салудың және өзін-өзі үйретудің инновациялық тәсілі — НЕЙРОГРАФИКАМЕН танысуға шақырады.

Біз көрменің ашылу салтанатында «Даму ағашы» атты шеберлік сағатын өткіземіз. Бұл өмірдің кез келген саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді оңтайландыру үшін қолданылатын нейрографикалық коучинг үлгісі. Біз сіздің дамуыңыздың визуалды жоспарын бірге жасаймыз, ресурстарды, мүмкіндіктерді, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді түсіндіреміз. Сонымен қатар, әр сәрсенбі күні бірнеше шеберлік сағаттары өткізіледі.

20.05.2019 жылы, 18.00-де “Нейрографика Әлемі” Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатының куәсі болыңыздар.

 

Нейрографика — көркем графика мен бір уақытта  өзімен жұмысты, өзіндік күйзелістер мен шектеулер, мақсаттар мен тапсырмаларды үйлестірген, патенттелген сурет салу техникасы.

Нейрографика барлық құрлықтар, елдер мен халықтар арасындағы  сурет салушы адамдардың ақыл-ойы мен жүрегін жаулап алды, 37 елде 500 нұсқаушы, 1000 маман және 25000-нан астам пайдаланушы нейрографиканы салады!

 

Көрменің ашылуы: 20 мамыр, 2019 жыл

Уақыты: 18:00

Мекенжай: Пушкин көшесі 11, ЕҰУ кітапханасы,  3 қабат

Сұрақтар бойынша: Сыздыкова Гульмира, +77712964465 email:  ugd@inbox.ru

Дусталева Альбина, +77719880977   email: alya0106@mail.ru

American Corner and Maker Space Astana +7 7172 709500 (ішкі.36307), astana@amcorners.kz