ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫ!

2019 ж. 17 мамырында сағат 11:00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасында  «Wiley Online Library платформасы: ғылыми ақпаратты іздеу, мақалаларды журналдарда жариялау» тақырыбында семинар өтеді.

   Рецензияланған ғылыми журналдарда зерттеудің нәтижесін жариялау — бүгінгі күні ғылымдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеулер ауқымына қарамастан, қазақстандық авторлардың халықаралық журналдардағы жарияланымдарының саны әліде әлемдік көрсеткіштерден қалып отыр. Әлемдік деңгейден артта қалу себебіне келетін болсақ, мақалалар жазудағы тәжірибенің аз болуы немесе журналдарды дұрыс таңдай алмауы. Бұл туралы әлемдегі ең көне және ең ірі академиялық баспалардың бірі Wiley баспасының семинарында сөз болады. Семинарда ғылыми коммуникацияның негізгі мәселелері қарастырылады. Оның ішінде ғылыми мақалаларды жазу аспектілері және ғылыми журналдардың редакторларымен өзара әрекеттесуі Wiley журналы мысалында қарастырылады.

Семинарды Ресей мен ТМД-дағы Wiley өкілдері х.ғ.к. Сергей Парамонов және Наталия Калицева өткізеді. Іс-шараның ұзақтығы: 1,5 сағ.

Қатысушы сертификатын алу үшін келесі сілтеме бойынша іс-шараға алдын ала тіркелуіңізді өтінеміз: https://secure.wiley.com/RussianEvents_ENU