«КІТАППЕН БІРГЕ ӨСЕМІЗ» АТТЫ ФОТОСАЙЫС

Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері!

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы «Кітаппен бірге өсеміз» атты фотосайыс жариялайды. Бұл студенттердің назарын кітап оқуға аудару мақсатында ұйымдастырылған шаралардың бірі болып табылады.

Фотосайыстың өту уақыты: 2019 жылдың 15 қаңтары мен 15 сәуір аралығында. Конкурсқа Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 1- 4 курс студенттері шақырылады. Конкурсқа тақырыпқа сай сюжеттік және түпнұсқалық фотосуреттер қабылданады. Фотосуреттерде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары мен оқытушылары кітапты оқу үстінде бейнеленуі тиіс. Оқу үдерісінің кез-келген көрінісімен байланысты сюжетті авторлық фотосуреттер қабылданады.

Конкурсқа келесі номинациялар кіреді:

1. «Объективте – КІТАПХАНА!» кітапхана қабырғасында кітап оқуды бейнелейтін фотосуреттер қабылданады.

2. «Кітап оқуға құштарлық» кітап оқу үстіндегі адамның эмоциясын бейнелейтін фотосуреттер қабылданады.

3. «Сүйікті кітап» Оқытушыны сүйікті кітаппен тұрған портретінің фотосуреті қабылданады.

Сайысқа басып шығарылған фотосурет қатысушының толтырған сауалнамасы арқылы (аты-жөні толығымен, фотосурет атауы, қысқаша сипаттамасы, суретті түсіру тарихы (еркін), байланыс деректері), ғылыми кітапханада қабылданады (Пушкин к-сі 11, 207 кабинет). Әрбір қатысушы конкурсқа тек бір ғана фотосурет бере алады. Фотосурет А4 немесе A3 үлгісінде болуы керек.

Конкурстық фотосуреттер қайтарылмайды. Ең жақсы жұмыстар кітапхана фойесінде орналастырылады және қатысушы кітапхананың фойесінде өз фотосуретінің көрмеде пайдалануына келісімін береді.

Конкурстық жұмыстарды бағалаған кезде қазылар алқасы фотосуреттің конкурстың тақырыбына сәйкестігін, оның сюжеті мен атауының өзіндік ерекшелігін, сондай-ақ суреттің сапасын ескереді. Қазылар алқасының мүшелері ашық дауыс беру арқылы үздік фотосуреттерді анықтайды.

Жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етіледі. Байқауды қорытындылау және марапаттау рәсімі 2019 жылдың 23 сәуірінде Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап апталығы» бағдарламасы аясында өтеді.

Байланыс ақпараты:  Ғылыми кітапхана, ғылыми-әдістемелік бөлім

(Пушкин к-сі 11, 207 каб.)  ішкі тел. 36-204