ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

 Ғылыми кітапхана сізге «ZNANIUM.COM» электронды-кітапхана жүйесіне (ЭКЖ) қолжетімділікті ұсынады.  Электронды-кітапхана жүйесі бірыңғай виртуалды кеңістікте қолжетімді оқулық пен оқу құралдары,  монографиялар мен мақалалар, диссертациялар мен авторефераттар, ғылыми жұмыстардың жинақтары, энциклопедиялар, анықтамалықтар, заңды-нормативті құжаттар, барлық білім салалары бойынша ғылыми мерзімді басылымдарды қамтиды.

      ЭКЖ-де ыңғайлы навигациямен құжаттарды іздеу және іріктеу жүйесі, бетбелгілерді құру, виртуалды «кітап сөрелерін» қалыптастыру, беттен кейінгі көшіру сервисі, сондай-ақ ғылыми және оқу іс-әрекетін табысты жүргізуге мүмкіндік беретін басқа да сервистер жұмыс жасайды.

    Оқырман рөлінде пайдаланушыға қолжетімді:

* барлық стандартты Оқу құралдары;

* бетбелгі жасау;

* жеке кітап сөресі;

* Discovery Znanium сервисі

    Оқытушы рөлінде пайдаланушыға қолжетімді:

* барлық стандартты Оқу құралдары;

* бетбелгі жасау;

* жеке кітап сөресі;

* студенттерге ұсынылған әдебиеттер тізімін жасау;

* Discovery Znanium сервисін пайдалану-бітіруші біліктілік жұмыстарын, оқу және ғылыми жарияланымдарды плагиатқа тексеру .Сондай-ақ, бұл ашық қолжетімді ғылыми және ғылыми – танымдық ақпарат көздері арасында ағылшын және орыс тілдерінде мәлімет іздестіру (жалпы саны-5 млн.астам индекстелген мақалалар).