Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі — ЕҰУ ғылыми кітапханасының ірі құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Бөлім қызметкерлері университеттің оқу процесіне, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметіне кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына толық және жедел кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету; 2. ЕҰУ факультеттерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес  бөлім қорын қалыптастыру; 3. Кітапханалық кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету; 4. Ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Бөлімнің құрылымы:

  1. Оқу әдебиеттері абонементі
  2. Көркем әдебиеттер абонементі
  3. Әлеуметтік-экономикалық оқу залы
  4. Әмбебап әдебиеттер оқу залы

Бөлім сонымен қатар университет қауымы үшін  мәдени-ағарту бағытында көпшілік шаралар жүргізеді.

Бөлім басшысы: Шаяндина Асель Игликовна

e-mail: shayandina_ai@enu.kz

Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 36-103), 103-қаб. (Пушкин көшесі, 11.)

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жұмыс кестесі:

Абонементтер:
09.00 – 19.00 (дүйсенбі-жұма)
09.00 – 14.00 (сенбі)
Оқу залдары:
09.00 – 20.00 (дүйсенбі-жұма)
09.00 – 17.00 (сенбі)
Жексенбі – демалыс.
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.

 

Оқу залдары мен абонементтер

Оқу әдебиеті абонементі

Оқу әдебиеті абонементі ғылыми кітапхананың бас ғимаратының (Пушкин көшесі,11) бірінші қабатында (каб. 103) орналасқан. Бұл жерден оқу процесіне қатысты қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтар мен оқу құралдары бір семестрге немесе оқу жылына беріледі.Сонымен қатар әлемнің классик ғалымдарының шығармалар жинағын, қазіргі заманғы отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектерін, жалпы ғылыми және сериялық басылымдарды алуға болады. Оқырмандардың назарына монографиялар,   ғылыми ұжымдардың бір томдық және көп томдық еңбектері, конференция материалдары, алуан түрлі ғылыми-көпшілік кітаптар қазақ және орыс тілдерінде бір айға пайдалануға беріледі, қажет болған жағдайда осы мерзімді ұзартуға болады. Оқу абонементінде әдебиеттерді беру электронды кезек тәртібі арқылы жүргізіледі. Жеке құжаты бойынша қызмет көрсетіледі. Жұмыс уақыты:

Байланыс: Исаханова Айгүл Әлиевна, бас маман.

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 36-103)

Көркем әдебиеттер абонементі

Көркем әдебиеттер абонементі ғылыми кітапхананың бас ғимаратында (Пушкин көшесі,11) үшінші қабатта (каб. 301) орналасқан. Абонемент қорында еліміздің және әлемдік классиктердің қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалар жинағы, ақын-жазушылардың еңбектері бар. Мемлекеттік   «Мәдени мұра» бағдарламасымен шығарылған әдебиеттерді де осы абонементтен алуға болады. Кітаптың берілу мерзімі бір ай, оқырман сұранысы бойынша ұзартылады. Оқырманға жеке куәлігі бойынша қызмет көрсетіледі.

Байланыс: Шарменова Жанар Бабакаевна, бас маман.

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 36-301)

Әмбебап әдебиеттер оқу залы 

Әмбебап  әдебиеттер оқу залы  — оқу-зертханалық ғимараттың төртінші қабатында (каб. 404) орналасқан. Оқырмандарға арналған ашық кітап қорында жаратылыстану, ғылымтану, өнер, техника, педагогика, жантану, денсаулық сақтау, спорт және тіл білімінен оқулықтар,оқу құралдары, монографиялар, сөздіктер, анықтамалар жинақталған. Оқу залында  жаңа түскен кітаптарға тұрақты түрде көрме ұйымдастырылып, ақпарат беріліп тұрады. Кітапхана қызметкерлері студенттермен, оқытушылармен бірлесе көпшілік шаралар жүргізеді. Оқу залының қызметі университеттің студенті екенін растайтын құжат негізінде көрсетіледі. Жұмыс уақыты:

Байланыс: Турумбаева Жанар Сергеевна, бас маман

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 32-323)

Әлеуметтік-экономикалық оқу залы

Әлеуметтік-экономикалық оқу залы — оқу-зертханалық ғимараттың төртінші қабатында (каб. 405) орналасқан. Оқырмандар залдан экономика, философия, дінтану, тарих, заң, саясаттану, мәдениеттану және әлеуметтану салалары бойынша оқулықтар, ғылыми әдебиеттер, сонымен қатар анықтамалық басылымдарды пайдалана алады.  Кітап қорын насихаттау және оқырмандарды жаңа түскен кітаптармен таныстыру мақсатында көрмелер, көпшілік шаралар өткізіледі.Оқу залында оқырманға қызмет ЕҰУ-де оқып жатқандығын растайтын құжаттар бойынша көрсетіледі. Жұмыс уақыты:

Байланыс: Спатаева Гаухар Тәнірбергеновна, жоғары білікті кітапханашы

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 32-324)