«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді «Кітапхана таңы» бағдарламасы аясында өтетін «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясына қатысуға шақырамыз. Акцияға:

— Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылады;

— Сыйға — оқу құралы, монография, көркем әдебиеттердің баспадан шыққан немесе электронды нұсқасы қабылданады.

Сіздерді Астана қаласы, А. Пушкин көшесі, 11 мекен-жайда орналасқан Ғылыми кітапхананың бас ғимаратында күтеміз.

Өтетін күні, уақыты: 21 сәуір 2017 ж.; сағат 7.00 — 9.00 аралығында.