«УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ: ТӘЖІРИБЕЛЕР, МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР-2017» АТТЫ VI-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (31 МАМЫР – 1 МАУСЫМ 2017 Ж., АСТАНА ҚАЛАСЫ)

Құрметті  әріптестер!  

Жоғарғы оқу орны кітапханаларының басшылары мен мамандарын конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР ЖОО кітапханаларының Қауымдастығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы, Назарбаев Университетінің ғылыми кітапханасы.

Конференция мақсаты – Қазақстанның ЖОО-дағы қазіргі кітапханалар қызметіндегі өзекті мәселелерді қамти отырып, тәжірибе алмасу, заман талабына сай кітапханалар ісін одан әрі жандандыру және дамыту.

Талқыланатын тақырыптар:Ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді және корпоративтік ақпараттық ресурстар инфрақұрылымын дамыту. Кітапханалық кеңістікті жетілдіру. ЖОО-да және қоғамда кітапхананың медиалық және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Кітапхана және баспа. Кәсіби кадрларды дайындау. ҚР ЖОО кітапханаларының Ассоциациясын дамыту.

Кітапхана қызметкерлері үшін конференцияға қатысу тегін. Іс-сапар кезінде өтелетін барлық шығындар іс-сапарға жіберген ұйым тарапынан шешіледі.

Конференцияға қатысушыларды тіркеу баяндамамен 2017 жылдың 29 сәуірге дейін, баяндамасыз 2017 жылдың 23 мамырға дейін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасының сайтында (http://kitap.enu.kz) жүргізіледі. Онлайн тіркеу (Тіркеу жабық)

Баяндаманы  бағдарламаға  енгізу үшін  2017 жылдың 29 сәуірге дейін «Конференция 2017» деген белгімен  library@enu.kz немесе daribayeva_gg@enu.kz  электронды  поштаға жіберуіңізді сұраймыз. Конференция  материалдарының жинағын дайындау жоспарлануда.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Баяндаманың тақырыбы, автордың/ қосалқы автордың аты-жөні (толық), ұйымның атауын, қаласын көрсету.
  2.  Баяндаманың мазмұнын ашатындай аннотация болу керек. Аннотацияның көлемі – 500 символдан көп болмауы керек (бос орындарды қосқанда).
  3. Баяндамалар электронды түрде қабылданады (мәтін Word (.doc) форматында, шрифт өлшемі-14, интервал-біржарым)

Баяндамаларды конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитеті іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

Байланыс: 010008, Астана қаласы, Пушкин к-сі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы, ғылыми-әдістемелік бөлім, эл. пошта:  daribayeva_gg@enu.kz   Тел. + 7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 36-204)  моб. тел. +777 331 36 62

 Ұйымдастыру комитеті