ҚАЛАМГЕР ТОЛҚЫН АҚАНҰЛЫНЫҢ «ЕМШІ КӘДЕСІ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2-қыркүйек күні Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Денсаулық және жастар» атауымен дәрігер, қаламгер Толқын Ақанұлының «Емші кәдесі» атты кітабының жартылай онлайн форматта тұсаукесері өтті.

Кеш қонақтары⁣ Дихан Қамзабекұлы,⁣ Жәди Шәкенұлы, Игібаев Асылхан Жұмабайұлы және т.б ғалым-қайраткерлер болды.⁣