2020 ж. 21 ақпанда ғылыми кітапханада «Политехресурс» компаниясының «Консультант студента» атты практикалық семинары өтті.
Шара басында жоғары білім берудегі жалпы әлемдік үрдістер контекстінде электрондық кітапханалардың дамуына қысқаша шолу жасалды. Сондай-ақ, жүйенің мазмұны қарастырылып, функционалы, интерфейсі мен мүмкіндіктері көрсетілді. Тыңдармандар үшін ЭКЖ-да өз еңбектерін орналастыру және DOI тағайындау, антиплагиатқа жұмыстарды тексеру қызметі бойынша сұрақтар өте қызықты болды.
Берілген ресурсқа оның контентімен танысу – университеттің барлық оқырмандарына ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін қолжетімді.