2019 жылдың 10 желтоқсанында Еуразия Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасында ашылған Инклюзивті-ақпараттық ресурстар орталығының ұйымдастыруымен «Бақытқа бір қадам» атты қайырымдылық кеші өтті.
Кештің мақсаты: университетімізде білім алып жатқан арнайы қажеттілікті талап ететін студент, магистрант-докторанттардың жеткен жетістіктері мен өнерін паш етіп, арамызда білім алып жүрген Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 1-курс студенті Арестеев Қуаныш Азаматұлының жедел түрде ем алуына байланысты еміне қаржылай көмек көрсету жолында ұйымдастырылды. Кештің жоғарғы дәрежеде өтуіне Ғылыми кітапхана мен Әлеуметтік-азаматтық даму департаменті зор үлес қосты. Сонымен қатар, эстрада жұлдыздары – Дана Кентай, Сейіл Аяған, “Х-фактор Қазақстан — 2018” байқауының бас жүлдегері – Дильнура Биржанова, “Шабыт” Қазақ Ұлттық Өнер университетінің түлегі, әнші – Гузель Баятова т.б жұлдыздар өнер көрсетті. Телевизия саласында қызмет етіп жүрген әлемдік чемпионаттың қоларбадағы спорттық биден бірнеше дүркін чемпионы атанған Ардақ Отарбай және Азия чемпионатының паратхэквондодан үш дүркін чемпионы атанған Еуразия Ұлттық Университеті Заң факультетінің магистранты Нысанбек Айдарбекұлы да кешке қатысып, пікір алмасты. Кеш соңында Ғылыми кітапхана директоры Бақытжан Әсетілдәұлы сөз сөйлеп, кеш ұйымдастырушыларымен қатысушыларға алғысын білдіріп, сахна төріне Қуаныштың әжесі Назгүл апамызға жиналған қаржыны табыс етті. Қуаныштың әжесі де баршаға разылық танытып, шексіз алғыс білдірді.
Әрбір жүректе жақсылық өмір сүрсін! Қайырымдылыққа жасаған бір қадамдарыңыз бақыттың мың қадамы болып оралсын!